FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі 26 қараша күні сағат 23:10-да Алматыдан ұшқан KS7177 Алматы - Ақтау рейсінің Ақтаудағы қатты жел салдарынан Атырауға қонуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Атыраудан ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-ға жоспарланған. Әуе компаниясы жолаушыларға сусындар, тамақ, тұру, трансфер, тегін қайта брондау немесе ақшаны толық қайтаруды ұсынды.
Егер билеттер ресми сату арналары арқылы сатып алынған болса, ақшаны FlyArystan мобильді қосымшасы немесе FlyArystan.com сайты арқылы немесе «Брондауды басқару» арқылы өз бетінше қайтаруға болады. Егер әуе билеті үшінші тарап ресурстарында (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлық кассалары және т.б.) сатып алынған болса, әуе компаниясы авиабилет сатып алынған жерге хабарласуды сұрайды.
Сондай-ақ жолаушылар +77027020227 номері бойынша WhatsApp (қоңыраулар қабылданылмайды) арқылы және мобильді қосымша мен сайттағы Live-чатқа тәулік бойынша қолдау ала алады.