Атырау, 27 қыркүйек 18:30
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

JasSpace: Атырауда мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған жобалар байқауы өтті

603 просмотра

25 қарашада Атырау қаласында «Abay Gylym Fest» ауқымды отбасылық ғылыми фестиваль өтті.

Күні бойы Абай орталығында білім берудегі STEAM тәсілдері саласында ғылыми-танымдық дәрістер, интерактивті сессиялар, воркшоптар өтіп, білім беру жобаларының көрмелері ұйымдастырылды. Фестиваль барысында қазақстандық KazRobotics федерациясының жастары мен мұғалімдеріне арналған жарыстар өтті. Шара қонақтары JasSpace Students Steam Project Challenge және JasSpace Educators Steam Project Challenge бағдарламалары аясында жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерінің инновациялық жобаларымен таныса алды.

Оқушылар 40-тан астам жобаны ұсынып, соның бірі Әсел ОҢДАШОВАНЫҢ жетекшілігімен «Химия» курсының оқушылары тез және зиянсыз ыдырайтын қайта пайдалануға болатын бахилыларды ұсынды.

Іс-шараға келушілер білім беру саласындағы тәжірибелі сарапшылар мен ой-пікір көшбасшыларымен кездесуге мүмкіндік алды. «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш БЕЙСЕК, қазақстандық «ТикТок» жұлдызы Ұлан ҮСЕНОВ, Пифагор мектебінің негізін қалаушы, халықаралық математиктердің жаттықтырушысы Асан ЖОЛДАСОВ және тағы басқалар бөлек дәріс оқыды. Спикерлердің толық бағдарламасын фестиваль сайтынан көруге болады.

«Біз Abay Gylym Fest шарасының «JasSpace» жобасының жарқын және қорытынды іс-шарасына айналғанына қуаныштымыз. Жобамыздың аясында 2,5 мыңнан астам жасөспірім 16 STEAM бағдарламасы аясында тегін курстарда оқып шықты, ал 4,5 мыңға жуық оқушы шеберлік сабақтарына, жазғы қарқынды курстарға, түрлі байқауларға қатысты. Біз жергілікті «JasSpace» командасының күш-жігері бүкіл Атырау облысының білім беру саласын жетілдіре түсуге үлкен серпін береді деп сенеміз», - деді Орталық Азияның Еуразия қоры жоба менеджері Салтанат НОҒАЙБАЛАНОВА.

Айта кетейік, «JasSpace» бағдарламасы Атырау облысының әкімдігі, «Шеврон» компаниясы, Атырау облысының білім беру басқармасы және Орталық Азияның Еуразия Қоры арасында қол қойылған меморандум негізінде жүзеге асырылуда.

Бір жарым жылдың ішінде JasSpace базасында жергілікті 20 қызметкерден тұратын команда құрылып, оқытылды, 7-11 сынып оқушылары үшін 16 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 қараша 2023, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.