Атырау, 23 қараша 12:40
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бішкекте Құрманбек Бакиевтің елге оралуына қарсы митинг өтіп жатыр

919 просмотра

Бішкектегі Максим Горький атындағы саябақта 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін құрылған қоғамдық бірлестік мүшелерінің митингісі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі 24.kg ресурсына сілтеме жасап.

Жиналғандар қашқын президент Құрманбек Бакиевтің өзін ақтап, Қырғызстанға оралу үшін түрлі әрекеттер жасап жатқанын атап өтті.

Олардың айтуынша, бұған дейін президент Садыр Жапаровқа «Айкөл Таза Коом» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үсіпби Шерімбаевтың атынан үндеу жіберілген.

Хатта сәуір оқиғасының құрбандары, жесірлер мен жетімдердің атынан Құрманбек Бакиевтен ақшалай өтемақы талап етілген.

«Үсіпби Шерімбаевтың бұған қандай қақысы бар? Ол түгілі қиын жағдайға тап болған жесір әйелдер, жетімдер, жалғыз ұлынан айырылған аналар өтемақы сұраған жоқ. Бакиев халықтың қанын төкті, мемлекетті тонады, елде қымбатшылық болса да, оның арам ақшасын алмаймыз», – деді митингіге қатысушылар.

Шерушілер биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің Қырғызстанға келуіне үзілді-кесілді қарсы екенін білдірді.

Айта кетейік, дәл осындай наразылық шарасы мамыр айында да өткен болатын.

Содан кейін оның қатысушылары Құрманбек Бакиевті қамауға алуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, қашқын президент Қырғызстанның Жоғарғы сотының үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

25 қараша 2023, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.