2023 жылдың 21 қарашасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының Дамбы балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері Жайық өзенінде рейд жүргізді.
Қызылбалық ауылының аумағында инспекторлар зыта жөнелген браконьерлерді анықтады. Қуып жеткеннен кейін балық қорғау инспекторлары бірінен ұзындығы 90 метр нейлон тор, екіншісінен жалпы салмағы 12,1 кг бекіре балығы салынған екі қапшықты тәркіледі.
Полицияның жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеріп, заттай айғақтарды тәркіледі. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, балық ресурстарына келтірілген шығынның алдын ала бағасы 12 523 500 теңгені құрайды.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ