Атырау, 26 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда 109 call-орталығы бір тәулікте 1500 қоңырау қабылдады

1 004 просмотра

Бұл туралы «109 Бірыңғай байланыс орталығының» басшысы Ақмарал Батырханова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бүгінде call-орталық күшейтілген режимде қызмет етуде. Орталықта ауысымдағы операторлар саны 5-тен 12-ге дейін көбейтіліп отыр. Мұнда қызметкерлер төрт ауысымда жұмыс істейді.  

- Жалпы бізге коммуналдық бағытында қоңыраулар келіп жатады. Ал соңғы уақытта өтінімдердің басым көпшілігі ауа-райының қолайсыздығына қарай, жарықтың апаттық жағдайда өшуі, аумақтардағы жауын суын тазалаумен байланысты болып отыр. Барлық қабылданған өтінімдер орындалу үшін жауапты мекемелерге дер кезінде жеткізілуде,- деді А.Батырханова. 

Айта кетейік, 109 call-орталығы 2020 жылдан бастап қызмет етуде. Мұндағы 30 қызметкер ауысыммен жұмыс істейді. Тәулігіне орта есеппен 450-500 қоңырау түседі.  Еске салсақ, «109 Бірыңғай байланыс орталығы» өңірдегі барлық коммуналдық кәсіпорындардың call-орталықтарын біріктіре отырып, аумақ  тұрғындарымен байланыс жасаудың бірыңғай нүктесі. Орталықтың негізгі артықшылығы - тұрғындар үшін тәулік бойынша қолжетімді, тегін байланыс арнасы болумен қатар, коммуналдық және әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімдеріне қатысты мәселелерді қашықтықтан шешу.

25 қараша 2023, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.