Атырау, 26 қараша 11:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

960 просмотра

27 жастағы алаяқтыққа күдікті азамат Krisha.kz сайтын пайдаланып, жоқ жылжымайтын мүлікті жалға берем деп жарнамалаған. 27 жастағы қала тұрғыны өз ері адам бола тұрып, әйел дауысымен сөйлесіп, өз ізін ерекше әдіспен жасырған.

18 қараша күні Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оны «Hi-Tech» іс-шарасы кезінде ұстады.

Жас жігіттің еншісінде 3 алаяқтық дерегі бар. Аталған істер бойынша ҚР Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері 20 шақты тұрғын интернет парақшалар арқылы үйді жалға берем деп жарияланған жарнамадан сан соғып қалған. Атыраулық тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы жарияланған ақпараттардың дұрыстығына мән беруді сұрайды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қараша 2023, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.