Атырау, 23 қараша 12:37
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қауіп төндіретін екі негізгі себеп анықталды

930 просмотра
Фото: freepik.com

Дүниежүзілік спорттық жарыстарды ұйымдастырушылар ең алдымен лаңкестер мен кибершабуылдардан қорқады. 

Болжам бойынша, 17 мыңнан 22 мыңға дейін күзетшілер күн сайын жарыстарға қатысады, оның ішінде 2000-ы ашылу салтанатына ат салысады. Бұдан бөлек, Сена өзенінде ұзақ шеруді өткізу жоспарланған және оған 600 мыңға дейін адам қатысады деп болжануда. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Сондай-ақ 26 шілдеде, Олимпиада ойындары өтетін күні, төңіректегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 30 мыңға жуық полиция мен сарбаз жұмылдырылады.

"Ашылу салтанаты үшін Париж мемлекеті мен әкімдігінен арнайы хаттама бар. Біз дұрыс жолда екенімізге және мақсаттарымызға жететінімізге толыққанды сенімдіміз", – деді Париждің ойын қауіпсіздігі жөніндегі директоры Бруно Ле Рей.

Сонымен қатар, ол 320 миллион еуро (349,02 миллион доллар) көлеміндегі қауіпсіздік бюджеті өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

24 қараша 2023, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.