2023 жылғы 23 қарашада сағат 19:20 минутта Атырау қаласы Солтүстік өндірістік аймақ №32 «А» мекен жайы маңында қоймадан түтін шығып жатқаны жөнінде шақырту түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына жеткен кезде қойманың 100 шаршы метр аумақты қамтитын кеңсе бөлігі ашық отпен жанып жатқаны және өрттің мұздатылған жартылай фабрикаттар мен басқа да азық-түлік өнімдері сақталатын қоймаларға таралу қаупі бар екені анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде азық-түлік салынған мұздатқыштардың және басқа да құнды заттардың өртенуіне жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 37 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды.
«Құрметті тұрғындар! Атырау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!», - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ТЖД ұсынған сурет