ЦАХАЛ Амар Әбу Джалала мен Хамастың тағы бір теңіз күштерінің офицерін өлтірген.
Израиль қорғаныс күштері әскерилер Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнистегі Хамас теңіз күштерінің қолбасшысын жойды деп хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
ЦАХАЛ баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль әскері Амар Әбу Джалаланы қолға түсірген. Ол теңізде бірнеше лаңкестік әрекеттердің дайындалуына жетекшілік еткен.
"ЦАХАЛ барлау қызметі мен Израиль әскері бақылауындағы ISA жауынгерлері Хан Юнистегі Хамас әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Амар Әбу Джалала мен Хамастың тағы бір теңіз күштерінің офицерін өлтірді", - делінген Израиль әскерилерінің Telegram-каналында.
Айта кетейік, бұған дейін армия өкілі Даниэль Хагари уақытша атысты тоқтату келісімінен кейін Израиль армиясы палестиналық Хамас қозғалысының содырларымен күресті жалғастыратынын айтқан.