Атырау, 26 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау облысының Монополияға қарсы департаменті 9 монополистің тарифтерін төмендетті

1 050 просмотра

Бұған 2022 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуы себеп болып отыр. Нәтижесінде департамент тоғыз субъектіге бір жыл мерзімге жалпы сомасы 2,36 млрд теңгеге өтемдік тарифтер енгізді.

Сумен жабдықтау бойынша жалпы сомасы 1,83 млрд теңгенің тарифтері орындалмаған. Ең ірі сомада орындалмаған заң бұзушылар тізімінде 1,76 млрд теңгемен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС көш бастап тұр. Компания KPI зауытын және өңірдегі басқа да бірнеше өнеркәсіп кәсіпорындарын техникалық сумен қамтамасыз етеді.

Тұтынушыларға ақшаны қайтару үшін департамент қазіргіден 69 пайызға төмен өтемдік тариф енгізуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ, сметалық келісімдерді орындамағаны үшін Қызылқоға ауданында ауыз сумен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкер жазаға тартылды. Оның тарифі 92 пайызға төмендетілді.

ТМРК Атырау облысы бойынша департаментінің баға және тариф қалыптастыру бөлімінің басшысы Жанар ДӘРІБАЕВАНЫҢ айтуынша, монополистер тұтынушылардан заңсыз алынған ақшаны қайтаруға міндетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қараша 2023, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.