Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильге келді

397 просмотра
Фото: wsj.com

Дэвид Кэмерон Израиль мен Палестина басшыларымен кездесіп, кепілге алынғандарды босату және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу туралы келісімді талқылайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Газадан небәрі бес шақырым жерде орналасқан "Беэри" деп аталатын Израильдің кооперативтік ауыл шаруашылық кәсіпорнында болды.

Осыған дейін, Кэмерон Лондонға келген араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлерімен Газа секторындағы жағдайды талқыға салды.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Палестина, Түркия, Индонезия және Нигерия сыртқы істер ведомстволарының басшылары, сондай-ақ, Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы және Катардың Лондондағы Елшісі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдердің астаналарына барып жүр.

Айта кетейік, Дэвид Кэмерон Біріккен Корольдіктің Сыртқы істер министрі қызметіне жақында тағайындалды. Ал 2010-2016 жылдары ол Ұлыбританияның премьер-министрі лауазымында болды.


23 қараша 2023, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.