Атырау, 26 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2023 жылы тұрғын үй салу үшін 966 жер телімі берілді

607 просмотра

Жоспарға сәйкес биыл облыс тұрғындарына тұрғын үй құрылысын салу үшін 1452 жер учаскесін беру көзделген. Он айдың қорытындысы бойынша оның 966-ы халыққа пайдалануға берілді. Бұл туралы Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлім етті.

Сонымен қатар басқарма басшысы тұрғындарға жер учаскелерін беру кезінде туындайтын бірқатар мәселелерді атап өтті.

- Тұрғын үй салу үшін берілген жер туралы шешімді алғаннан кейін азамат әрі қарай құзырлы органға барып тіркеліп, кадастрлық жоспарын жасақтауы қажет. Өкінішке орай қазір қолына жер кезегі келгендігі туралы шешімді алғаннан кейін, көп жағдайда кейбір тұрғындар тіркелмей жатады. Ол әсіресе аудандық жерлерде көптеп кездеседі. Осыған байланысты жердің берілгендігі туралы деректер базасын қараған кезде тіркелмегені туралы ақпарат болса, ол бос жер екендігі көрініп тұрады. Сәйкесінше әрі қарай жүзеге асырған кезде жердің беттесу фактісі орын алып, қиындық тудырады, - деді Ә.Ермекқали.

Сонымен қатар оның айтуынша, биыл облыс көлемінде 222 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 257 жер телімі мемлекетке қайтарылып отыр.

23 қараша 2023, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.