25 қарашада ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні мерекесіне орай Тұрғындар қалашығы ықшамауданында «Мұнайшы» стадионының алдында азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Жәрмеңкеде Атырау қаласының және аудандардың тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынады. Жәрмеңке 26 қараша, жексенбі күні де жалғасады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ