«Атырау облысы Су арнасы» КМК Атырау тұрғындарына вакуум көліктердің кәріз жүйесіне рұқсатсыз ағызу мәселесіне қатысты жүгінді.
«Су арнасы» мұның біздің кәріз жүйесінің және қоршаған ортаның жағдайына айтарлықтай қауіп төндіретін қолайсыз тәжірибе деп санайды. Кәсіпорын инспекторлары осындай бұзушылық жағдайларын анықтау мақсатында мониторингті күшейтіп, тексерулер жүргізіп жатыр. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айыппұлдар қатаң қолданылатын болады.
Егер сіз вакуумдардың немесе тұрмыстық қалдықтардың кәрізге заңсыз ағызылғанына куә болсаңыз, коммуналдық қызметерлер бұл туралы 109 немесе 102 телефондары арқылы дереу хабарлауыңызды сұрайды. Қырағы қала тұрғындарының көмегі осындай бұзушылықтардың жолын кесу және қаламызды таза ұстау үшін маңызды.
“Атырау облысы Су арнасы" КМК инспекторлары әрбір хабарламаға жауап беруге және бұзушылықтарды жою үшін қажетті шаралар қабылдауға дайын.