Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылдық округінен 300 орындық мәдениет үйі салына бастады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі болса, бас мердігер - «Декор» ЖШС.
- Қазіргі таңда жері тегістелуде. Қалған құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады,- деді «Декор» ЖШС басшысының орынбасары Айбек НҰРҒАЛИЕВ. - Өнер ордасының бірінші қабатында көрермен залы, қызметкерлер кабинеттері, асхана, киім шешетін орын қарастырылған. Екінші қабатта би залы, оқырман залы бар кітапхана, үйірмелер жұмысына және шаруашылық қажеттіліктеріне арналған бөлмелер орналасқан.
Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әкімдік жолдаған суреттер