Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылынан бір шақырым жерде орналасқан полигонның ауылға жақын болуы 38 жылдан бері ауыл тұрғындарын әбігерге салып келеді.
Ауыл тұрғындары ауыл іргесіндегі қоқыс алаңын көшіру жөнінде әлденеше рет мәселе көтерген. Жазда жағымсыз иіспен бірге ұшқан целлофан пакеттер ауылға дейін жетіп жатады екен.
Аудан әкімінің тапсырмасымен жаңа полигонға жер телімін рәсімдеу аяқталып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Демеушілердің көмегімен іс жүзінде 10 гектар жерді алып жатқан полигонның 2 гектарн қоршалып жатыр.
- Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтар мен үйінділер көміліп, топырақпен тегістелді, - дейді Ақкөл ауданының әкімі Әлімбай ӘБДІРАХМАН.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әкімдік жолдаған суреттер