Атырау, 26 қараша 11:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоғалғандар

1 016 просмотра
freepik.com 

Криминалдық полиция басқармасының полицейлері Атырау облысының із-түзсіз жоғалған азаматтарын іздеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Белгілі болғандай, жыл басынан бері 365 адамның із-түссіз жоғалу дерегі тіркелген.

Криминалистердің айтуынша, олар үшін ең қорқынышты дабылдың бірі - баланың жоғалуы. Мұндай хабарламалар түскен кезде полиция із-түзсіз жоғалған балалардың фотосуреттері мен әлеуметтік желілердегі деректерге көбірек назар аударады. Ал жедел-іздестіру шаралары туралы ақпарат тұрғындар арасына бірден таралады. Із-түзсіз жоғалған адам туралы ақпаратты криминалдық полиция бөлімшелерінің жедел уәкілдері қылмыс ашқандай зерделейтінін көпшілік біле бермейді.

Жедел уәкілдердің айтуынша, адам жоғалу дерегі тіркелгенде алдымен қылмыс құрамын саралайды. Ол адамды ұрлап әкетті ме, әлде ренжісу немесе өзге фактор әсері болды ма деген мәселелер анықталады. Басты мақсат - деректерді негізге ала отырып, жоғалған адамды табуды жеделдету.

- Көпшілік үшін криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерді ғана іздейді деген пікір қалыптасқан. Алайда із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарын да криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері жүзеге асырады. Қазіргі таңда бұл бағытта жасөспірімдердің жоғалуы басты назарда. Олардың қауіпсіздігі алаңдатады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер ата-анасымен келіспей, тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа кетіп қалады. Оларды қала аумағындағы барлық бейнекамералар бойынша іздеу басталады, олардың әлеуметтік желідегі парақшалары зерделенеді. Көп жағдайда ата-аналардың өз баласының араласатын ортасын білмеуі, кей жағдайда тұрғын жайынан қандай киіммен шыққанын білмеуі де кездесіп жатады. Жасөспірімдердің жоғалуы көп жағдайда аз уақыттың ішінде қоғамдық резонанс тудырады. Мәселен, жыл басынан бері мұндай 365 дерек тіркелді. 351-і тәулікке жеткізілмей аман-сау табылып, үйіне жеткізілді. Ал, қалғаны 1-2 күн ішінде анықталды, өкінішке орай, бір жасөспірім өз-өзіне қол салып, денесі өзеннен табылды.

Жалпы, қазіргі таңда 16 із-түссіз жоғалған азамат іздеуде тұр. Оларың кейбіреуі 2015 жылдардан бері іздестірілуде. Басым бөлігі ер адамдар. Олардың ақпараты республикалық жоғалғандар базасына енгізіледі және тұрақты басылым беттерінде жарияланып тұрады. Анықталған қандай да бір ақпарат болса, бірден тиісті іс-шаралар қабылданады, - деді Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Фархат ИСЛЯМОВ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қараша 2023, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.