Атырау, 15 қаңтар 06:38
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Балық аулауға шығып, қайта оралмады

1 432 рет қаралды

2023 жылы 6 қараша күні сағат 16.00 шамасында Индер ауданы Елтай ауылының тұрғыны, 48 жастағы Айдос КАУКЕНОВ із-түссіз жоғалып кетті.

- Ол үйден ауылдың сырт жағындағы «Қарасу» көлінен балық аулаймын деп шығып кеткен. Содан оралмады. Біздер, ағайындары ауыл ішін, қырдағы қыстақтарды, тоғай ішін дрон арқылы іздестіргенбіз. Таппаған соң аудандық ІІБ-не, ТЖ бөліміне хабарласып, олар да іздестірді. Бірақ әлі күнге еш дерек болмай тұр, - дейді туыстары.

- Жалпы 2015 жылдан бері 80 адам жоғалып, оның 64-і табылған. Ал 16 адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қараша 2023, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.