Атырау, 26 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Фермерлер көктемгі егіс қамына кірісті

1 019 просмотра

Бүгінде өңірімізде жоспарланған егіс алқаптарының 2425 гектары, яғни 22,4 пайызы көлемінде сүдігер жыртылған болатын.

- Сүдігер жырту келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін қажет. Күзде жүргізілген сүдігер жырту топырақты өңдеудің арқасында құнарлылығын арттырып, болмаса дақылдардың өнімін көбейтуге негіз болады. Жалпы біздің аймақта атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз түседі. Бірақ күзгі жер жыртудың нәтижесінде топыраққа жауын мен қар сулары жақсы сіңеді. Мұндай топырақ микробиологиялық процестің жақсы жүруіне негіз болады, - дейді «Владимир» ШҚ қызметкері Александр КОГАЙ.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыс бойынша егістіктің жалпы көлемі артпады, мәселен 2023 жылы 10290 га болса, 2024 жылы 10825 га құрайды деп болжап отыр. Суды үнемдеу технологиясын жетілдіру көзделуде. Келер жылы тамшылатып суару 3420 га, ал жаңбырлатып суару технологиясы 2180 гектарға жетпекші.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

24 қараша 2023, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.