Атырау, 26 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жазғы дөңгелектер үшін 17 250 теңге айыппұл салынады

1 004 просмотра

Желтоқсанның 1-інен бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады.

ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осы заң аясында 5 АЕК көлемінде, яғни 17250 теңге айыппұл көзделген. Сондай-ақ, патрульдік полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 797- бабы бойынша автокөліктің әрі қарай қозғалысына шектеу қойып, мемлекеттік нөмерін түсіруге толықтай құқылы. 

Бұл жағдайдың алдын алу мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде көлік жүргізушілеріне бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қараша 2023, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.