Атырау, 26 қараша 13:23
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау-Ақтау теміржол бағытын жарты миллион жолаушы пайдаланған

962 просмотра
ҚТЖ баспасөз қызметі ұсынған сурет

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 11 млн астам жолаушы, қала маңы қатынасында 1,9 млн астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сонымен, ең танымал маршруттар бойынша тасымалын:
 Қарағанды – Алматы - 2 млн жолаушы,
 Астана – Шымкент – Алматы - 2,5 млн.


Атырау-Ақтау бағытын жарты миллионға жуық жолаушы пайдаланды. Павлодар–Қостанай бағыты бойынша жылына 590 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

Осы жазда барлығы 4 миллион адам немесе тасымалдаушылардың жалпы санының 40% тасымалданды.

2023 жылы Алакөл бағытында 11 жолаушылар пойызы жүрді, оның тоғызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, екеуі – жеке тасымалдаушылар. Биыл алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Тальго жайлы пойызымен «Астана – Достық» жазғы бағыты ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 143 пойыз жүреді, оның 105–і «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 28-і жеке тасымалдаушыларға, 10-ы өзге де теміржол әкімшіліктеріне тиесілі. Осы саннан 19 пойыз – «Тальго» вагондары, қалғандары-стандартты вагондар»

Биылғы жылы бұл қызметті 145 мың жолаушы, оның ішінде жазғы маусымда 104 мың жолаушы пайдаланған.

21 қараша 2023, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.