Сағат 18.30 шамасында Атырау-Дамбы тас жолының бойында Toyota Hilux автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағы жоқ тұстан өтпек болған 1974 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.
Сағат 23.00 шамасында Атырау қаласының И. Тайманов көшесінің бойында «ВАЗ-2115» және «Газель» автокөліктері соқтығысқан. ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, Газель жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА