Атырау, 26 қараша 13:33
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Доссор кентінде 1,5 км электр желілері жаңартылды

Сурет
779 просмотра

Мақат ауданы Доссор кентіндегі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ ЭЧ-4 мекемесіне қарасты аудандарда ескірген электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Динара ҚУАНЫШЕВА мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жоба құны 24,3 млн теңгені құраған жұмыстар «Бейнеугаз» ЖШС мекемесінің мердігерлігімен былтыр сәуір айынан бері жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1 км 554 метр ұзындықтағы 10/0,4 кВ әуе және кабель желісі жүргізіліп, қалалық типтегі КТПГ-160 трансформаторлық қосалқы станциясының 1 данасы орнатылды, - деді Д.Қуанышева.

Доссор кентіндегі вокзал маңы көшелерін жаңа электр желілерімен жабдықтау жұмыстары аяқталып, қараша айында пайдалануға берілді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

ӨКҚ жолдаған суреттер

21 қараша 2023, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.