2022 жылы әбден тозығы жетіп, қабырғасы қақырап, іргесі сөгілуге айналған З. Қабдешев көшесіндегі 2 тұрғын үйдегі 16 тұрғын көшірілген болатын.
Биыл осы игілікті іс жалғасын тапты. Аудандық мәслихат, қоғамдық кеңес және қоғам белсенділерінен құрылған комиссия тұрғын үйлерді зерделеп, осы көшедегі тағы үш тұрғын үйді анықтады. Осы үйлерде тұратын 24 отбасы таяу уақытта көшіріледі. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.
- Қоныстанушылар көшетін пәтерлер олардың жеке меншігіне өтеді, - дейді аудан әкімі Дарын ШАМҰРАТОВ. - Жалпы кентте көпқатарлы 65 тұрғын үй болса, оның ішінде 1963-1978 жылдары салынған 20 тұрғын үй апатты жағдайда. Қаржының бөлінуіне байланысты тұрғындар біртіндеп қоныстандырылады.
Тұрғын үйлерді беру апатты апатты үйлердің жерін мемлекет қажеттілігіне алып, орнына үй алып беру арқылы жүзеге асырылуда. Алынған жерлер мемлекет қажеттілігіне сай пайдаланылады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА