BAQ.KZ. «Экономист Бриклин Дуайер: «Қазіргі күй уақытша, бірақ жылдың екінші жартысы күрделене түседі...» - «Бізде қазіргі таңда дауыл алдындағы тыныштық орын алуда» - дейді Нью-Йорктегі «BNP Paribas» компаниясының экономисті Бриклин Дуайер. Оның айтуынша, бұл тұтыну мен бизнес және үкіметтік шығындарды үнемдеу арқылы экономиканы кері айналдыруға бағытталған шаралар. Қалай болғанда да қазіргі жағдай уақытша» дейді ол.
EGEMEN.KZ. «Құдайдың құлы болмасаң, нәпсінің құлы боласың» - «– Не дейді? «Иманды қоғамы» несі? – деп, шыр ете түсті ішкі оппонентіміз. – Ақша деп анасы баласын саудаға салып жатқанда, ақша деп әкесін ұлы пышақтап жатқанда, ақша деп бауырын балталап жатқанда қайдағы «иманды қоғам?!»
«Қазасы бөлектің қайғысы бөлек емес немесе Ауғанстан лаңы аяқталар күн қайда?» - Дәл қазіргі күндері ауған халқы өзінің маңызды тарихи кезеңіне қадам басқалы тұр. Халықаралық әскери күштердің миссиясының аяқталуы, алдағы президенттік сайлау бұл елді көп жылдар бойы көксеген бейбіт күнге жақындата ма?
AIKYN.KZ. «Каспий қақтығыс алаңына айналуы мүмкін бе?» - Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтауға әлі нүкте қойылған жоқ. Оған себеп – теңіз жағалауында отырған бес елдің нақты бір шешімге келе алмауы. Мұның өзіндік себептері бар. Өйткені алдын ала жүргізілген есеп бойынша, Каспий табанында 10 миллиард тонна болатын мұнай жатыр.
HALYKSOZI.KZ. «Гүлбаршын Тергеубекова, әнші: бойымда неміс ұлтының қаны жоқ деп ойлаймын» - «Мені халыққа танытқан қазақтың қасиетті қара домбырасы дер едім. 1 сыныпта жүргенімде Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнін айтатынмын домбырамен...».
DMK.KZ. «“Евро-5”… ермек емес!» - Елімізде мұнай өнімдерінің импортына шектеу қойылды. Үкіметтің осындай қаулы қабылдауына негіз де жоқ емес. Қазақстан жыл сайын шамамен 80 млн. тонна мұнай өндірсе, оның 14 млн. тоннасы ішкі нарыққа жөнелтіледі екен. «Қара алтынымыз» көп, алайда, Мұнай және газ министрінің мәлімдеуінше, мазуттан басқа мұнай өнімдері әсіресе, авиакеросин, жоғары октанды бензин бойынша импортқа тәуелдіміз.
TURKYSTAN.KZ. «Армян геноциді» және Анкара» - Әлемдік саясатқа ықпалды армян диаспорасы Анкараға «армян геноцидін» мойындата алмай әлек. «Осман империясы 1 млн. армянды аяусыз қырып-жойды» деген айыптауды мойындауға түріктер жағы әзір аса құлшынып отырған жоқ. Бірақ келісе отырып, ортақ шешімге келуге қарсы емес.
«Шенеуніктердің шетелдегі активтері көп пе?» - Қаржы полициясының әзірлеп жатқан заң жобасына сәйкес мемлекеттік саяси қызметкерлерге шетелде актив ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Аталмыш заң жобасы жұртшылықтың талап-тілектерін негізге ала отырып әзірленгенін ескерсек, халық тарапынан түскен ең көп ұсыныс осы екенін байқауға болады.
EGEMENNEWS.KZ. «АҚШ үкіметі Царнаевтарға 100 мың доллар көлемінде жәрдемақы төлеген екен» - Бостон марафонындағы лаңкестік әрекетке күдікті деп табылған ағайынды Царнаевтар мен олардың отбасына Америка үкіметі тарапынан жәрдемақы беріліп отырған. 2002-2012 жылдар аралығында оларға шамамен 100 мың АҚШ доллары төленген. Бұл туралы Boston Hearld газеті жазды.
ZHASALASH.KZ. «Миллиардерлердiң “мұрты бұзылмапты” ал кедейшiлiктiң көрсеткiшi артып барады» - Таяуда Forbes журналы әлемдегi ең бай саналатындардың қатарын жариялады. Бұр тiзiмнiң iшiнде қазақстандық байшыкештердiң бары бұрын да айтылып, жазылған-ды. 2012 жылы Қазақстанның жалпы iшкi өнiмi (ЖIӨ) 20 млрд. долларға өскенiмен, алғашқы елулiкке енетiн бiздегi байлардың жалпы байлығы 2011 жылғы көрсеткiштен аса қоймапты.
«АЭС: Қазақ та обалы бар халық қой» - Бiр сұмдығы – Ақтауда салынатын АЭС-ке Ресейдiң сүңгуiр қайықтарындағы реакторлар пайдаланылады екен. Бұл – дүние¬жүзiнiң ешбiр елiнде қолданылып көрмеген iс. Яғни, қазақтарға жүргiзiлетiн жаңа бiр “тәжiри¬бе”! Ақыл-есi дұрыс, ұлтына, елiне жаны ашитын адам Чернобыльдегi жарылған АЭС те, суға батып кеткен “Курск” атом реакторлы сүңгуiр қайығы да Ресейде жасалған “кереметтер” екенiн еш ұмытпауы керек едi ғой
SHYN.KZ. «Ел-Ана Қасымбек. Аналарды еңіретіп жүріп елу елдің қатарына енеміз» - «Мына қызыққа қараңыздаршы? Үкімет түгілі, Парламенттің есігінен «сығаламайтын» Ұлттық Банкті тақымдап «бауырына басқан» Г. Марченко, бір кезде өзі тұтатқан «бықсықтың» ошағына әрегідік тамызық тастап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовты қорғаштап соңынан қалмай жүгіріп жүр. Бейне бір көлеңкесі секілді».
AZATTYQ.ORG. «Бостондық қазақ студентінің туыстары айыпқа сенбейді» - АҚШ-та "Бостон жарылысына қатысты тергеу ісін шатыстырмақ болды" деп сотқа тартылған қазақстандық екі студенттің жақындары оларды жақсы жағынан сипаттайды.