Атырау, 24 қараша 08:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Вакцина салдыртуда сақ болыңыз!

2 990 просмотра

Қазақстанда сәуір-мамыр айларында балаларды полиомелиттен иммундаудың екінші ұлттық науқаны  өткізіледі.

Бірінші науқаны өткен жылдың күзінде өткізілген болатын. Сол кезде Атырау облысында жаңа туған баладан бастап алты жасқа дейінгі 67 мыңдай балаға екпе салынған еді. Иммундау үшін Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификат берген Бельгияда өндірілген оральді полиомелитті вакцина қолданылды. Балаларды осыншама көп қамтығандығына қарамастан, науқан жұмысы жақсы жүргізілген жоқ. Бірінші сыныпта оқитын кішкене қыз балаға бір айдың ішінде екі рет екпе салмақшы болған фактілер белгілі болды.  Оның екінші рет егілуден тізімдегі өз қызының тегін көріп қалаған анасы құтқарды. Ал, тағы бір балаған екінші рет екпе алудан құтылудың сәті түспеді. Баланың ата-анасы бір ай ішінде балаларына екі рет екпе салынғандығын айтып отыр. Құдай сақтағанда, ешқандай зиян шекпеген.

«Ұзақ уақыт бойы Қазақстан полиомелиттен таза мәртебесі бар ел болып келген еді, тек өткен жылы қазан айында республиканың оңтүстігінде бұл сырқат тіркелген»,-дейді ҚР денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ. 2010 жылдың жазында Тәжікстанда полиомелиттің анықталуына байланысты БДСҰ көрші елдерде де вакцинация жүргізуге кеңес берген болатын. Оның ішінде Ресей мен Қазақстан да бар. Қайтадан вакцина жүргізудің нақты мерзімі А.Жұмағалиевтің айтуынша, әлі де нақтылануда екен. Қызметкерлерді дайындау және екпе қосындары мен көшпелі бригадалар құру жөніндегі жұмыстар да жолға қойылуда. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

23 наурыз 2011, 22:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.