Бүгін Астанада ХІ Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов осылай деді.
«2007 жылдан бері қарай салыстырмалы түрде алсақ, Кеден одағы аясындағы тауар айналымының өсімі соншалықты емес. Алайда, 2007 жылдан кейін 2008-2009-2010 жылдары барлық әлемде дағдарыстың аса өткір фазасы болғанын еске алған орынды. Дағдарыс Кедендік одақ елдерін де айналып өткен жоқ. Сондықтан да, егер біз 2008 жылдың статистикасын 2009-бен, ал оны 2010 жылмен, бұны 2011-2012 жылмен салыстырсақ онда өсім шын мәнінде 20-23 пайыз деңгейінде болды», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, Кедендік одақты құруды шапшаңдатуға, интеграцияның одан кейінгі формасына қатысты идеяның өзі дағдарыстың нығайған тұсындағы үш мемлекет басшыларының келісімімен жасалған. Яғни, бұның өзі посткеңестік экономикалық кеңістіктің жаһандық дағдарысқа қатқан жауабы болды.
«Екінші мәселе Президент Н. Назарбаев 1994 жылдың өзінде КСРО-ға байланысты өзгерістерден кейін-ақ осы посткеңестік кеңістікте экономикалық байланыстар сақталуы тиістігін көтерген болатын. Жылдар бойы бір-бірімен технологиялық байланысып тұрған өндірісті ажырату құрдымға кетумен бірдей екені шынында да айқын еді. Бұл ғана емес, мәдениеті бір, гуманитарлық кеңістігі ортақ халықтар да бір-бірінен жырақтамауы керек. Сондықтан да, 1994 жылдың өзінде біз үшін Еуропалық одақ моделі шынайы болып көрінді», - деді Қ. Келімбетов.
Дереккөз: inform.kz