North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тыйым салғандығына қарамастан табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды жалғастырды.
Естеріңізде болса, Қашаған теңіз кенішін игерумен айналысушы NCOCкомпаниясына өткен жылы үш айға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат беруге тыйым салынған еді. Яғни, оларға «анықталған заң бұзушылықтарды жоймайынша» шаруашылық қызметпен айналысуға рұқсат етілмеген болатын. Қараша айында NCOC компаниясының экологиялық заңды бұзғандары үшін салынған 9,4 млрд. теңге айыппұл төлегендігі туралы хабарлаған еді. Алайда, соған қарамастан эмиссия үшін рұқсат бәрібір беріле қоймаған. Лицензия әрекетін тек 2011 жылдың қарсаңында ғана жаңартқан.
Алайда, табиғат қорғау прокуратурасының түсіндіргеніндей, салынған тыйымға қарамастан, компания өзінің шарауашылық қызметін жүзеге асыруды жалғастыра берген. ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты хабарлап отырғандай, бақылаушы органның араласуынан кейін Жайық-Каспий экология департаменті NCOCкомпаниясына 688 214 353 теңге көлеміндегі айыппұл салды. Бүгінгі күні айыппұл мемлекет пайдасына толығымен өндіріліп берілді.
Лев ГУЗИКОВ