Атырау, 5 қазан 13:54
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Көпірде орын алған өлім

2 658 просмотра

Кешкісін 18-ші наурызда орталық көпірде бір адамды қағып кеткен, ол адам көз жұмды.

Бізге қала прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВ хабарлағандай, бұл шамамен сағат 22.00-де орын алған. Орталық көпірден түсер ауыздағы қаланың азиялық бөлігінде «Тойота» жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан 25 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмған. Дабыл сигналы түскен бойда жол полициясының қызметкерлері көпірді екі сағатқа жауып тастады. Тергеу-жедел тобы оқиға болған орынды қарап, оқиғаны көзбен көргендерден сұрастырды. Қазіргі кезде тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2011, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.