Атырау, 6 қараша 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Қостанай облысында шегірткеден 500 гектар егіс алқабы зардап шекті

509 просмотра
Сурет: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке зиянкестерінің таралуы тіркелген Қостанай облысына  келді. АШМ басшысы күні бұрын табын зиянкестерінің шабуылы туралы хабар келіп түскен Қостанай және Қамысты аудандарында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ауданның аумағын зерттеу қорытындысы бойынша, 16 мың гектар жайылымдық жерде жәндіктердің таралуы тіркелді. Фитосанитарлық шаралар сол күні кешке басталды, өйткені өңдеулер техникалық регламентке сәйкес кешке және таңғы уақытта жүргізілуі тиіс.

Министр химиялық өңдеу жүргізіліп жатқан егістіктерде болып, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Қостанай ауданындағы "Луговое" шаруа қожалығының басшысы Василий Куцтың айтуынша, қорғаныс шаралары зиянкестердің ошақтары табылғаннан кейін бірден басталды.  

«Біз егістіктен шегірткелерді байқадық. Дереу аумақтық инспекцияға хабар берілді.  Мамандар бірден келіп, алқаптарды зерттеп, арнайы техниканы іске қосты. Шегіртке табынының шамамен 70%  тоқтатылды. Аудан аумағында сақтандыру жұмыстары үшін дельтаплан орналастырылды, қажет болған жағдайда ол қайтадан іске қосылады. Бұл ретте зиянкестер ауыл шаруашылығы дақылдарына жеткен жоқ, егілген егін жәндіктен зардап шеккен жоқ», - деді Василий Куц. 

Ербол Қарашөкеев өңірдегі табын шегірткелеріне қарсы күрестегі жедел және үйлесімді жұмыстың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануын болдырмауға қол жеткізілгенін атап өтті. Министр Қостанай облысындағы егіс алқабы 4,6 млн гектарды құрайтынын, оның 500 гектары ғана зардап шеккенін айтты.  

«Шегірткенің таралу қаупі пайда болысымен барлық арнайы техниканы бірден іске қосамыз. Негативті сценарийге жол бермей, жағдайға жедел әрекет етеміз», - деп атап өтті АШМ басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысының аумағында өңдеуді қажет етеді деп анықталған 397 мың гектардың 356 мың гектары өңделді. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы фитосанитариялық іс-шаралар 298,4 мың гектард немесе жоспардың 77% жүргізілді, азиялық шегірткеге қарсы 9,7 мың гектар өңделді, бұл жоспарланған алаңдардың 27,5% құрайды. Сондай-ақ, 28 мың гектар италиялық шегірткеге қарсы АШТӨ-нің жеке қаражаты есебінен өңделді.

Зиянкестермен күреске 31 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 9 желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ.  Мамандар биологиялық тиімділігі кемінде 85% болатын "Вантекс, "Тиаметрин", "Карат СУПЕР 100", "Фипрон" препараттарын пайдаланып жатыр. Химиялық заттардың жеткілікті мөлшері бар.

Сонымен қатар, биыл Қостанай облысының аумағында табындық емес шегіртке зиянкестерінің таралуы болжанып отыр. 2019 жылдан бастап жергілікті бюджеттерден фитосанитариялық іс-шараларды өткізу үшін қаражат бөлінбейді, сондықтан химия өңдеу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күшімен жүргізіледі.  Биыл өңірде өңдеу алаңы 35 мың гектарды құрады.

Жалпы, республика бойынша италиялық прусқа қарсы өңдеу 1,2 млн гектар жерде жүргізілді, бұл белгіленген алқаптың 92,3% құрайды. Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.

Бір күн бұрын Абай облысында зиянкестердің шамалы таралуы тіркелді, ол қорғау іс-шараларын уақтылы жүргізудің арқасында толығымен тоқтатылды. Атап айтқанда, Шаған ауылында 120 гектар жайылым өңделді, ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерден зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, табын шегіртке зиянкестерінің таралуы циклдік сипатқа ие және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты. Ғалымдар аптап ыстықтың басталуымен шамамен 10,5 жыл жиілікпен шегірткелердің жаппай көбеюі басталатынын анықтады. Күн ысыуының соңғы үш кезеңінде Қостанай облысында италиялық прустың даму шыңы 1988-1989, 1999-2000 және 2012-2015 жылдардың көрсеткішіне жетті, ал биыл дәл 11 жылдан кейін италиялық прустың жаппай таралуы басталды.

10 шілде 2023, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.