Елорда күні Қазақстанда 1000 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүние есігін ашқан нәрестелердің 505-і – қыз және 495-і – ұл, оның ішінде 8 жұп – егіз.
«Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие болды, онда бір тәулікте 146 сәби дүниеге келді. Бала туу бойынша екінші орында Алматы тұр, мұнда 91 кішкентай азамат дүниеге келді, содан кейін тең нәтижелермен Алматы облысы мен Шымкент қаласы бар, олардың әрқайсында 76 сәбиден дүниеге келді», - делінген ДСМ хабарламасында.
Бұл күні Ақтөбе облысы егіздер арасында көшбасшы болды, мұнда бірден екі егіз дүниеге келді.