Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисшінің үшінші айналымдағы қарсыласы Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултер болды.
Ойын барысында бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға шықты. Одан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.
Елена екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түседі.