6 шілде күні сағат 17:33-те ЖЭС-тегі №1 энергоблоктың жұмысы тағы да тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 шілдеде сағат 17.31-де қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтаған еді.
4 шілдеде сағат 21:50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.
6 шілдеде «МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок іске қосылды.
Жөндеу жұмыстары сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокта тағы да жұмыс тоқтады. Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ.
Жөндеу жұмыстарын 9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім берілді.
Жөндеу жұмыстарын 8 шілде 00.00-ден кейін бастау жоспарланып жатыр. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.