Атырау, 21 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жас отбасыларға арналған ипотека: 6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?

973 рет қаралды

"Жас отбасы" бағдарламасында бағалау көрсеткішін 16-ға жеткізу міндетті емес, деп хабарлайды informburo.kz.

Отбасы банкі Instagram парақшасында "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады.

Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:

Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.

Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.

"Жас отбасы" бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ, пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.
Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.


7 шілде 2023, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.