Атырау, 30 қыркүйек 12:34
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Астанада балабақша тәрбиешілері балаларды қараусыз қалдырып, "естен танғанша" ішімдік ішкен

937 просмотра

Астана полицейлері балабақшалардың бірінде педагогтерді мастық салдарынан ес-түссіз күйде тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана Полиция департаментінің тілшіге берген мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.

"102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", - деп хабарлады ПД.

Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.

5 шілде 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.