Атырау, 30 қыркүйек 12:24
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Енді жеке куәлік, паспорт берілгенде азаматтардан саусақ ізі алынады

799 просмотра

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабы күшіне енеді, деп хабарлайды informburo.kz.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхаты берілгенде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бұйрық-жобасында жазылған. 

"Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде азаматтығы және заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы қорғалған түрде сақталады. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы арқылы белгіленсе, 12 жастан бастап 16 жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының ізі сақталады", – делінген Ашық НҚА порталында.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабы күшіне енеді. 

Құжатты көпшілік 20 шілдеге дейін талқылай алады

5 шілде 2023, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.