Атырау, 7 қыркүйек 17:54
 дождьВ Атырау +31.7
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

«ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды

1 010 рет қаралды

Антикор «ӨКМ Операторы» бойынша іздеуде жүрген күдіктінің Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

«Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.

5 шілде 2023, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.