Атырау, 1 сәуір 23:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар 7 және 8 шілдеде жұмыс істемейді

1 114 рет қаралды

Қазақстанның арнайы ХҚКО-лары 7 және 8 шілдеде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" агенттігіне сілтеме жасап.

7 және 8 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша техникалық жұмыстарға байланысты кезекші арнайы ХҚКО-лар жұмысы тоқтатылатыны хабарланды. Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күндері клиенттерді қабылдай береді.

Айта кетейік, дүйсенбіде, 10 шілдеде арнайы ХҚКО-лар әдеттегідей сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО - 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін 6 және 9 шілде демалыс күндері.


5 шілде 2023, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.