Атырау, 30 қыркүйек 12:25
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?

572 просмотра

Елорда күні қарсаңында Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросынан Астана есімді қазақстандықтар туралы мәлімет сұрады.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады, оның 18-і ер, 8-і әйел. Бұл ретте елорда құрметіне 17 адамға Астана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған.

Балаларына "Астана" сөзі кездесетін есім қойған қазақстандықтар да бар. Бұл қыздар арасында Астанай және ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есімдер.

Сондай-ақ, елорданың басты көрікті жерлерінің бірі "Бәйтерек" монументі құрметіне 41 адамға, қазақша "Бәйтерек" транскрипциясында 31 адамға есім берілген.

6 шілдеде Қазақстанның астанасы 25 жылдығын атап өтеді. Президенттің 1997 жылғы 20 қазандағы жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қазіргі Астана - бұрынғы Ақмола елорда болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.


5 шілде 2023, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.