Атырау, 19 ақпан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылды

1 142 рет қаралды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сейсенбі күні Иранның қауымдастыққа мүше елдер қатарына кіруін ресми түрде жариялады, бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның 23-ші саммитінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ-ның саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған.

ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылған болатын. Алғашында ұйымға алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кірсе, 2017 жылы оларға Үндістан мен Пәкістан қосылды.

4 шілде 2023, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.