Атырау, 28 қараша 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Соқыр аймақта: қала маңындағы тұрғындар Kcell-ге қарсы

1 224 просмотра

Атыраудағы Көк-Арна ықшамауданының «Химик», «Рыбник» бау-бақша қоғамдары мен Зарослый ауылының жүздеген тұрғындары Kcell компаниясына қарсы бірікті.

Қала маңындағы тұрғындардың бірнеше жылдан бері байланыс сапасының нашарлығына АҚ назарын аударуға тырысып келе жатқаны белгілі болды. Интернетке қосылу сапасының төмендігінен тұрғындар барша жанға үйреншікті қарапайым күнделікті нәрселерді - жаңалықтар таспасын парақтау, фильм көру немесе біреуге қоңырау шалуды айтпағанда,  өткен ғасырда қалып қойғандай күн кешуде. Әсіресе, абоненттер тариф үшін ай сайын қаражат алуда ешқашан үзіліс болмайтынына наразы.

– Оған қоса үнемі телефон соғып, бөлек қосымша төлейтін қызметтерді таңуға тырысады, – дейді бастамашыл топ көшбасшысы Абай ШӘМЕЛ. - Мысалы, жақында маған Kcell компаниясының боты қоңырау шалып, қосымша қызметтерге келісімімді «иә» деген сөзбен ауызша растауымды бірнеше рет сұрады... Бәріміздің қалайтынымыз бір нәрсе: сыртқы әлеммен байланыста болу және осы үшін және таңдаған тарифіміз үшін ақша төлеуге дайынбыз. Сондай көп сұрап отырмыз ба?

Зейнеткер, «Рыбник» бау-бақша қоғамының тұрғыны Ольга ЛАЗУКОВА:

- Менің ұялы телефоным Activ-ке, үй желісі Алтелге қосылған. Мен екі байланыс қызметі үшін 10 000 теңгеге жуық төлеймін, бірақ іс жүзінде айдалада қалғандаймын. Денсаулығым сыр беретін жастамын, ауыра қалсам, туыстарыма да қарапайым қоңырау соға алмаймын.

Бастамашыл топ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Өңіраралық байланыс инспекциясына хат жолдады. Олар көрсеткіштерді өлшеу арқылы байланыстың шынымен нашар екенін дәлелдеуді сұрады. Интернеттің жылдамдығын және жалпы оның бар екенін өлшейтін тиісті қосымшаны жүктеп алу үшін қала жаққа шыққандар көп болған.

Нәтижелері көңіл көншітпеді. Норматив бойынша 3G интернеті секундына кемінде 1 мегабит, 4G интернеті секундына кемінде 5 мегабит болуы керек. Осылайша, Дамбы жаққа қарай қала маңындағы елді мекендер үшін 4G интернетінің орташа көрсеткіші 0,68 Мбит/с-тан басталатынын көрсеткен, ол да бір минутқа да тұрақтамай, үнемі нөлге түсіп кете берген.

Ал, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында бірден төрт облысқа қызмет көрсететін Байланыс сапасы жөніндегі өңіраралық инспекциясына ай сайын интернет жылдамдығының төмендігі мен ұялы телефондағы дауыстық байланыстың үзілуіне қатысты 10-20 шағымнан түседі. 2022 жылы ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сәйкес, ұялы байланыс операторларының нашар байланыс үшін айыппұлдары тек елдің батысында 20 миллион теңгеден асқан.

Сол жылдың шілде айында Мемлекет басшысы «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Атап айтқанда, ол операторлар мәлімдеген интернет байланысы мен нақты параметрлер арасындағы сәйкессіздік үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Енді заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 100 АЕК орнына 1000 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 1500 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Ал әзірге тұрғындар қайта-қайта шағымданғаннан кейін тиісті қызметтер байланыс сапасына назар аударып, тексеріс жүргізіп, ең бастысы интернеттің сапасы жақсарады деп үміттенеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

25 наурыз 2023, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.