Атырау, 4 қазан 08:15
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ол өлгенде «Қуаныңдар!» дегендер де болды

2 914 просмотра

Ол 87 жасқа келгенде көз жұмды.  Әлем саясатында  қолтаңбасын қалдырған тұлға еді Маргарет Тетчер. «Темір лэди» атанғанды көзі тірісінде.

Тетчердің  қазасына орай дүниежүзіне танымал саясаткерлер пікір білдіріп жатыр. Ұлыбритания   премьер-министрі Дэвид  Камерон: «Ол біздің  тұңғыш әйел-премьеріміз еді. Ол елімізді құрыдымға кетуден құтқарды» деді. Бірақ, бүгін ағылшын басылымдары Тетчер туралы түрлі пікірлер білдіре бастады. Тhe Daily Mirror басылымы «Ұлтты бөлшектеген әйел» деген тақырып арнаса, The Northern Echo «Сүйді, жек көрді, ешқашан ұмытпайды» депті.  Саясаттанушы Джейсон Джонсон оны  «Рейганның  британдық  нұсқасы» деп атады. Бірқатар  басылымдар Маргерт Тетчер ел басқарып тұрған кезде  болған оқиғаларды еске алып жатыр. Әсіресе, өткен ғасырдың 80-жылдары  елде  күрделі әлеуметтік шиеленістер қалыптасқанын, тіпті  нәсілдік қақтығыстар болғандығын жазады. Тетчер үкіметі 1984-85 жылдары мемлекетке қарасты  бірқатар кәсіпорындарды жекешелендіріп, шахтерлардың   бір жылға  созылған ереуілі кезінде кәсіподақтармен теке-тіреске барған-ды. Бәлкім содан да болар шахтерлар одағы Тетчердің өлгеніне қайғыра қоймайтындығын байқатты. Ал, Аргентинада «темір лэдидің» қазасына орай қайғыру емес,  қуану басым. Өйткені, 1982 жылы Тетчер үкіметі Фолкленд аралдары үшін Аргентинамен соғысқан болатын. Сол қақтығыста Арегтина жеңілген-ді. Аралдарға қатысты дау әлі де  тоқтаған жоқ. Дегенмен, Фолкленд қақтығысы Тетчердің   жеңістерінің бірі саналады. Бірақ, Тетчердің қазасына  қуанғандар тек аргентиналықтар емес. The Socialist Worker газеті «Қуаныңдар!» деген тақырыппен мақала басты. Ал, Тhe Morning Star  болса Тетчерді «Ұлыбританияны бөлшектеген әйел» деп атады.  Маргарет Тетчердің «әлемдің қауымдастықтың есебі бойынша Ресей жерінде 15 млн адамның  өмір сүргені экономикалық тұрғыда тиімді болады» дегені де бар. Алайда, Маргарет Тетчер Ұлыбритания экономикасына жаңа серпін берген  тұлға. Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында Ұлыбританияны «Еуропаның  сырқат адамы» деп атайтын еді. Кезінде Осман империясына  қарата айтылған бұл сөздің ағылшындардың өздері үшін тағылатын лақап  ат  болатындығын ешкім ойлаған жоқ. Сол «сырқат адамды» жазған да Тетчер еді. Ол әлем саясатында  орасан зор із қалдырды. Сан қырынан қалдырды. Елін өрге сүйреді. Бірақ, Джон Коломанның «Комитет 300» деген еңбегінде де аты аталды. «Әлемдік үкіметтің» мүшесі саналды. Масондардың бірі деп есептелді. «Ресей жерінде 15 млн адам ғана  өмір сүргені дұрыс» деп жүргені де  содан. Бәлкім содан да болар,  Тетчердің өліміне  қатысты көзқарастар әртүрлі болып жатыр. Бірақ, бәрібір ағылшындар Тетчерді ұмытпасы анық.

Дереккөз: zhebe.com

9 сәуір 2013, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.