Атырауда 34 жастағы ер адам 13 жастағы жасөспірім қыз отырған көлікті ұрлап әкетіп, Авангардтағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласына кіріп, қызды зорлауға оқталған. Жедел жеткен ҚПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қылмыстың алдын алып, қаскөйді ұстады.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша зорлауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Кейін Атырау облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет