Жуырда қызылқоғалық бір топ жастың бас қосуының соңы қайғылы оқиғамен аяқталды.
Кейін белгілі болғандай жиырмадағы өндірдей жастар дипломдарын жууды ойлап бас біріктіреді. Наурыздың 7‑сінен 8‑іне қараған түні неге екені белгісіз, «старжник» пистолетінен атылған оқтан ауыр жарақат алған жас жігіт ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгенімен бір күннен кейін көз жұмады. Аудан прокуроры Марат ШӘДИЕВТІҢ мәлімдеуінше осы оқиғаға қатысты жиырма жасар жігіт күдікті ретінде ұсталып, ҚР ҚК 101-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүріп жатқан көрінеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА