Атырау, 11 қазан 07:05
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Бес тонна балық қоймадан табылды

5 746 просмотра

Құрманғазы ауданында браконьерлікке тосқауыл қойылар емес. Жуырда жергілікті прокуратура «Каспий‑Балық» ӨК қоймасында бес тонна балықтың заңсыз сақталғандығын анықтаған.

Аудандық прокурор Жәнібек ШАРИПОВТЫҢ мәлімдеуінше ӨК балық сақтау қоймасында балықтың ірі партиясы сақталып тұрғандығы жөнінде ақпар түскен. Тексере келгенде «Каспий‑Балық» ӨК‑нің тоңазытқышына 101 қапшыққа сықап салынған жайын табылыпты. Оны село тұрғыны С. Е. алып келгендігі анықталды. Ал осыншама балық қайдан, қалай келгендігі жөнінде тергеу басталып, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс көтерілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 наурыз 2011, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.