Маңғыстау облысында Жаға Северная Г-5 ескі мұнай ұңғымасынан мұнай мен газ қоспалары жоқ шипалы радон суы төгіле бастады. Бәлкім, бұл ұңғыма көп ұзамай сырқаттанған жандар дерттеріне дауа іздеп келетін жерге айналар. Ал біздің аумақта тек радиоактивті және басқа да улы элементтер «шашып», экологиялық апатқа қауіп төндіретін ұңғымалар ғана бар.
ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «АЖ» сауалына Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегіндегі мұнай және газ ұңғымаларының кадастры соңғы рет 12 жыл бұрын жасалды, деп жауап берді.
Кез-келген кен орнынан қордың үштен бір бөлігі ғана алынатыны белгілі. Қайталама өндіріс тым қымбат болғандықтан, мұнай кенішін әдетте тоқтатып қояды. Уақыт өте келе жер қойнауында қабат қысымы қалпына келіп, күкіртсутек коррозиясынан тозған ұңғымалардан мұнай аға бастайды. Мәселен, Ресейдің Астрахань облысындағы Ақсарай кен орындарында осындай жағдай болған. Дегенмен, бізде де болды: 1980-2008 жылдар аралығында Теңіз ұңғымаларындағы жүздеген шығарындылар мен апаттар Қаратон, Кеңарал, Сарықамыс ауылдарының тұрғындарын көшіруге әкелді.
ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ерлан ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, Каспий теңізінің қазақстандық секторының шегінде Каспий теңізінің су басуы ықтимал аймағында 2 мыңға жуық ескі ұңғыма орналасқан. Олардың кейбірі әлі қауіпті емес. Бірақ бұл 12 жыл бұрынғы деректер. Мүмкін олардың көпшілігі ауа мен жерді улай бастаған шығар, ал біз білмейтін болармыз.
ТОКСИКОЗДАН ҚЫРЫЛҒАН
Каспий теңізінің қазақстандық секторында жануарлардың қырылуы бірнеше рет тіркелді. Ең көп қырылған кез - 2000 жылы, ол кезде мыңдаған итбалықтың өлексесі жағаға шығып қалған болатын. Олардың қырылуына созылмалы токсикоз себеп болды деді. Қазір итбалықтың өлекселері үнемі Каспий жағалауынан табылады. Жануарлар денесінде токсиндер мен пестицидтер бірнеше жыл бойы жиналып, созылмалы токсикоз туындайды. Бұл иммунитеттің төмендеуіне әкеліп, ағза жеңе алмайтын жұқпалы ауруларға ұшыратады. Құрлыққа шығуға мүмкіндігі жоқ басқа теңіз фаунасының не болып жатқанын елестету қиын емес.
Өкінішке орай, мұндай жағдай тек бізде ғана емес. Каспийде мұнай өндіретін барлық Каспий маңы елдерінде – Иранда, Түркіменстанда, Ресейде, Әзірбайжанда ағып жатқан ескі ұңғымаларға қатысты осындай проблемалар бар.
УЛЫ ПРОРВА
Үш жыл бұрын Атырау облысы аумағындағы Прорва Морская Г-1 ұңғымасының көптеген шақырым аумақты улағаны белгілі болды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің сарапшысы Руслан ИСНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, 2020 жылдың 13 қыркүйегінде Геология комитетінің өңірлік бөлімшесі мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия сапарын ұйымдастырды. Тексеру нәтижесі бойынша ұңғыма сағасынан мұнайдың өздігінен ағып жатпағаны анықталды. Яғни, ұңғыма консервацияны күтпей-ақ, жылдар бойы өздігінен босап қалған.
Айтпақшы, өткен ғасырдың 60-70 жылдарында бұрғыланған теңіздегі су басқан ұңғымалардың саны туралы әлі нақты деректер жоқ. Басқасын айтпағанда, ондаған жыл бойы олар ешқандай бақылауға алынбаған және іс жүзінде қауіпсіздік тұрғысында тексерілмеген.
Ескі ұңғымалар орналасқан бірнеше аумақ биыл аукционда көмірсутек шикізаттарын барлау және өндіру үшін түрлі компанияларға берілді. Мұндай аумақтарды мемлекетке беру шарттарының бірі - қараусыз қалған ұңғымаларды қабылдау және оларды жою міндеті. Қазір Исатай ауданындағы апатты және қауіпті К-30J және ЕТ-4К ұңғымалары туралы нақты белгілі. Олар бірнеше жылдан бері қайнап, бұрқылдап жатыр. Олар бойынша және басқа да улы шұңқырларды оқшаулау-жою жұмыстарының нақты қашан жүргізілетіні белгісіз. Ал ең қарапайым есептеу бойынша, бір ұңғыманы консервациялау үшін 100 мың доллар қажет.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА