Бесінші сатыға көтеріле отырып, Қытай Ұлыбританиядағы бәсекелестерін ығыстырды. ҚХР-дың алдында қазіргі кезде АҚШ (жаһандық нарықтың 30 пайыз үлесі) пен Ресей (26 пайызы), сондай-ақ Германия (7 пайыз) мен Франция (6 пайыз) бар.
Әлем проблемаларын зерттеудің Стокгольм институты сарапшыларының есептеулері бойынша, 2008-2012 жылдар аралығында Қытайда қару экспорты 162 пайызға артқан екен. Ал жаһандық үлесте 2-ден 5 пайызға дейін көтеріліп отыр. Атап айтқанда, бұл жағдай бірегей болып саналады, себебі соңғы 50 жылда қаруды экспорттаушы алдыңғы бестіктіктің құрамы өзгермеген көрінеді. Ғалымдардың деректеріне қарағанда, болашақта қару саудасының алыптары өздерінің нарықтарын жоғалтып алуы ықтимал. International Studies Quarterly журналында жарық көрген Осло ғалымдарының болжамында 2050 жылға қарай әлемде қарулы ірі қақтығыстар саны екі есеге қысқаратыны жазылған. Бұған бірінші кезекте жоғары білімнің кеңінен тарауы, бала өлімінің төмендеуі мен халық саны өсімінің баяулауы ықпал етпек.
Дереккөз: inform.kz