Атырау, 13 желтоқсан 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Еңбекке жарамсыздық туралы іс

2 929 просмотра

Қала прокуратурасы еңбек қорғау ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қала прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВТІҢ айтуынша, бұған «АТЭЦ» АҚ цехында орын алған «Тараз Проммонтаж» ЖШС қызметкерінің басынан өткен қайғылы жағдай себеп болған.  Қызметкер денесінің 6 пайызы химиялық күйік алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, денсаулыққа тигізілген зиян ауыр деген санатқа жатқызылған (екі көзінен бірдей көру қабілетінен айырылған және 100 пайыз жалпы еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан). Өзінің тексеру актісімен облыстық бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменті жұмыс берушінің айыптылық деңгейін 70 пайыз деп белгіледі. Қылмыстық істі тергеумен Атырау қаласының ішкі істер басқармасы айналысуда.

Лев ГУЗИКОВ

16 наурыз 2011, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.