Астаналық «Локомотив» командасы тағы бір ойыншымен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осы маусымда астаналық клубтың намысын жыртатын болады.
Мектеп жасында Австрияның «Адмира» командасында өнер көрсеткен ол, еліміздің жастар ұлттық құрамасына алынады. Уэльспен өткен кездесуде тіпті, капитан болып алаңға шығады. Сол сәттен бастап оған ағылшындық клубтардың назары ауа бастайды. Роман Абрамовичтың клубы «Челси» оны өз сапына тартып, қосалқы командаға алады. Жастар арасында өзінің шеберлігін шыңдай жүріп Айсұлтан «Портсмутқа» ауысуды жөн санайды. Аталған клубтың ендігі қаржылық жағдайы жақсаратын шығар деген ой да жоқ емес. Нұрсұлтан Әбішұлы «Локоның» ендігі әр кездесуін «Астана-Аренадан» тікелей тамашалап отырса, оның өзі қазақ футболына қандай пайда десеңізші.
Дереккөз: today.kz
11 наурыз 2011, 16:53