Атырау, 29 наурыз 06:22
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​ Атырауда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Сурет
1 928 просмотра

Ол жерде зейнеткерлерге әдетте қолжетімді емес қызметтер тегін ұсынылады. Бірақ бұл әзірге пилоттық жоба ғана.

Қазан айында басталған жоба 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Қарт адамдардың көңілінен шығып, мемлекеттен қолдау тауып жатса, келесі жыл бойына жалғасады.

Жоба жетекшісі Алуа СЫРАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жыл аяғына дейін 70 зейнеткерді қамту көзделген.

Қазір ол жерге 70 адам барып жүр: ол жерде жүзуге, ән айтуға, атқа салт мінуді, компьютерлік сауат ашуға, қыштан бұйымдар жасауға үйретеді, саяхат ұйымдастырады және т.б. Негізгі мақсат - зейнеткерлердің бос уақыттарын көңілді әрі белсенді өткізу.

Іс-шаралар аптаның бес күні бойы сағат 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Қатысушылар Алмагүл ықшамауданындағы Амандосов 42/2 мекенжайына жиналып,  сол жерден кесте бойынша қатысатын курстарына көлікпен жеткізіледі.

- Қатысушылардың жасы 60-79 жас арасында. Келушілердің көбін қызықтыратыны - ипподром мен бассейн. Біз келушілерге 4 қызметті таңдау керек деп ескертеміз. Арасында жұмыс жасаймын, емім басталды, деп келмей қалатындар бар. Оларды екі ескертуден кейін шығарып жібереміз. Өйткені біз бассейн, компьютер орталықтарымен келісімшарт жасап, олар үшін ақша төлеп отырмыз. Күні кеше осындай себептермен 15 адамды шығарып, орнына басқаларды алдық, - дейді Алуа Сыралиева.

Жоба Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік тапсырысы негізінде «Институт общественного здравоохранение» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Мемлекеттік сатып алу порталындағы дерекке сүйенсек, 20 млн 825 мың теңгеге конкурс жарияланып, оны «Институт общественного здравоохранение» жекеменшік мекемесі 16 млн 660 мың теңге ұсынып, ұтып алған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

23 қазан 2021, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.